Әлемдік БАҚ не деп жазады? Теңіз көлігі өзектілігін жоғалтты The Wall Street Journal хабарлауынша, логистика әлемдік инфляцияның жағдайын ушықтырды. Контейнерлік тасымалдау операторлары теңіз көлігінен бас тартып, қымбатына – әуе арқылы тасымалдау түріне ауысып жатыр. Бұл ретте теңіз сауда алыптары да жүк ұшақтарын сыйғыза алатын ірі серіктестер іздестіріп жатыр. Пандемия салдарынан әлем онлайн сатып алуға көшті.