Енді Теңіз кен орнының шикізаты өзімізде қайта өндіріледі. Бүгін Атырауда Мемлекет басшысы зауыттың ашылуына қатысты. Мұнайдан алынған газ тауар күйінде шығарылады. Бұл Қазақстанда қолға алынған тұңғыш жоба. Атырау өндіретін, бірақ өңдемейтін өңір еді. Тонналаған мұнай игергенмен, бұйым жасауға қауқарсыз болатын. Тіпті, шылапшын шығаруға қажет шикізат шетелден жеткізілді. Ол олқылықтың енді орны толады. Әлемнің бес елінде