Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тұтынушының шағымы мен өтінішіне дәлелді жауап бермейтін интернет платформаларына қатысты шара қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Кейінгі жылдары тексерілмеген тауарларды, қызметтерді және алаяқтық схемаларды жарнамалаған қоғамдық тұлғаларға қатысты оқиғалар жиілегенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, қоғам, әсіресе балалардың осындай ақпараттан қорғалмауы алаңдауға негіз болып отыр. Бұл ретте бұзылған құқықтарды