Бірнеше күннен бері танымал кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынайдың шетел азаматына тұрмысқа шығуы қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының бір бөлігі қолдаса, енді бірі оған қарсы пікір айтуда. Айтылған сынға қатысты Жәкішевтің өзі пікір де білдірді. Мұхтар Жәкішев деген кім? Ол қалай және қашан танымалдыққа ие болды? Жүріп өткен жолы қандай?