Үкімет басшысы Ұлттық арнаның «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында елде АЭС салу мәселесіне тоқталды деп хабарлады turkystan.kz. «Экономикамызды электр энергиясымен қамтымасақ, әрі қарай даму қиын болады. Мұның шешімі атом электр стансасын салу. Қазір елімізде АЭС салынатын орын белгіленді. Оны салуға Энергетика министрлігі дүниежүзіндегі ең озық технологияларды пайланады. Бұл – халықаралық жоба»,– деді Әлихан Смайылов.