ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Онда қант нарығындағы монополияға қарсы шаралар қаралды. Бұл туралы министрлік сайты жазды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы Серік Жұманғарин елімізде қанттың негізгі көлемі Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан төрт зауытта өндірілетінін айтты. Бұл ретте елде өндірілген қанттың негізгі көлемін (шамамен, 90%) ірі көтерме жеткізушісі