Ең жоғарғы жалақы еңбек өтіліне байланысты. Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni. Жалақының көлемі еңбек өтілі мен кәсіби біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, министрлердің ең төменгі жалақысы – 500-600 мың теңге, ең жоғарғы жалақы еңбек өтіліне байланысты. Ол шамамен 1,7 млн теңгеге дейін барады, деді министр