Астанада «ӨКМ Операторы» компаниясына қатысты атышулы іс бойынша сот талқылауы жалғасуда. Сотталушылар орындығында төрт адам отыр – компания басшылығы және бұрынғы экология вице-министрі. Оларға сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бүгін отырыста жәбірленуші тараптың мүдделерін Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаева қорғады. Өзге мәселелерден бөлек отырыста