29 қарашада «Алматы-2» теміржол вокзалы ғимаратында өрт болды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, вокзал ғимаратындағы төбенің өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 14:08-де түскен. Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. 100 шаршы метр алаңда вокзалдың бас ғимаратының шатырды жабуға арналған ағаш қаптамасы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шықты, зардап шеккендер жоқ, деді ТЖМ баспасөз қызметі.
Жаңалықтар





































