Алматы қаласында үшінші теміржол вокзалы салынады. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын талқылау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. Жаңа вокзал Алатау ауданының аумағында салынады. Жаңа вокзалдың жобасын 2027 жылға қарай аяқтау жоспарда