Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы киберқауіпсіздік мамандарын дайындайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ІІМ Алматы академиясы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Бимолданов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Спикердің айтуынша, келесі оқу жылынан бастап ведомстволық ЖОО-да «Құқық қорғау қызметі», «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету», «ІІО қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» секілді жаңа бағыттар бойынша ішкі істер