Сайлау учаскесіне таңғы сағат 7:00-де алғашқылардың бірі болып Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әйелімен бірге келді деп хабарлады turkystan.kz. Олар Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 сайлау учаскесінде дауыс берді. «Бүгін біздің мемлекетіміз үшін және оның азаматы ретінде мен үшін өте маңызды күн Бүгін еліміз өзінің болашағын айқындайды. Мен сайлау учаскесіне еліміздің болашағы, мемлекеттің …