Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев қала әкімі қаулыға қол қойғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша марқұм болған әрбір Қазақстан азаматына мәйіттерді тасымалдауға көмек көрсетумен қатар 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі.