Алматы әкімдігінің ғимаратын қайта жаңартуға Үкімет резервінен 7 млрдтан астам қаражат бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды LS. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қаулысының жарияланған жобасына сәйкес, әкімдік ғимаратын қалпына келтіруге 2023 жылы 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлу ұсынылған. Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін жергілікті атқарушы орган ИИДМ-ге бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі есепті