Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Дінмұхамед Қонаевтың есімін Алматы қаласының әуежайына беру мәселесін көтерді деп хабарлады turkystan.kz. «Алматы тұрғындарының, сондай-ақ Президенттің Қапшағай атауын өзгерту бойынша ұсынысын қолдай отырып, Үкіметке Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру мәселесін қарастырып, шешуді ұсынамыз», – деді депутат Ерлан Смайылов. Депутаттар осы мәселеге қатысты депутаттық сауалды Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына …