Алматы халықаралық әуежайы мен Air Astana компаниялар тобы ұшу кестесін қалпына келтіру үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 16 ақпанда Алматы әуежайындағы қолайсыз ауа-райына байланысты бірқатар рейстер кешікті.