Жер сілкінісі – әп сәтте жердің астаң-кестеңін шығаратын табиғи құбылыс. Көп адам апат кезінде қауіпсіз жерге бас сауғалап үлгеретініне сенеді. Алайда, кенеттен болған зілзала кезінде адамдардың абдырап қалатыны белгілі. Зерттеуге сәйкес, алапат жер сілкінісі бар-жоғы 30 секундтың ішінде жерді жермен-жексен етуге қауқарлы. 1887 жылғы 9 маусымда жүздеген адамның өмірін жалмаған Верныйдағы (қазіргі Алматы) жойқын жер