Мемлекет басшысының Алматы қаласы жұртшылығымен кездесуі басталды. Алматы – қастерлі тәуелсіздігіміздің бойтұмары болған қала. Алматыда еліміз үшін ең маңызды шешімдер мен құжаттар қабылданды. Осы жерде Егемендік декларациясына қол қойылды, Тәуелсіздігіміз жарияланды. Еліміздің болашағын айқындаған басқа да көптеген тағдырлы оқиғалар өтті. Алматы – еліміздің іскерлік, рухани, ғылыми және туристік орталығы. Сондықтан, мен қаланың дамуына, оның тіршілікке