Алматының шынайы келбеті осы. Қоғамдық дәретханалар жұмыс істемейді. Саябақтар тас қараңғы. Медеу баспалдағы да жарықсыз тұр. Төменгі бөлігі ғана жарықтанған, жоғарыға көтерілу үшін телефон шамын жағуға тура келеді. Әйтпесе, ыңғайсыз салынған баспалдақтан құлап, денсаулығыңа зиян келтіріп аласың. «Терренкур» жағалауында да жарықты үнемдеп отырмыз. Одан бөлек қаламыздың экологиялық ахуалы күн санап нашарлап барады. Адамдар табиғатты ластауын