Желіде Алматы-Қорғас тасжолында бетон плиталар қайта көтеріліп жатқаны туралы видеолар тарады. Аталған ақпаратты «ҚазАвтоЖол» мекемесі де растап отыр. «8 маусым күні Алматы-Қорғас тасжолының 190-шақырымында бетон плиталар көтеріліп кетті. Бұл олқылықтарды жою жұмыстары жүргізулуде және көлік қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді»,- деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.