Алматы облысы әкімінің өкімімен, ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Нұржан Кеңесұлы Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Нұржан Кеңесұлы 1963 жылы туған, білімі жоғары. 1986 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «Архитектор» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Қазақстанның фосфор өндірісі ғылыми-зерттеу институтында инженер