Осы жылдың 7 желтоқсанында Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында жеке тұрғын үй өртенген. Қызыл жалынға оранған үйдің әжесі мен екі кішкентай немересі қайтыс болды. Өрттен қаза тапқан 3 адамның мәйіті және 6 зардап шеккен адам табылды. Зардап шеккендер Есік қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, қауіп жоқ. Өрттің себебі мен материалдық залал анықталып жатыр. ТЖД