Алматы облысында кәмелет жасына толмағандар суицид жасады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Басқарма мәліметінше, 12 қаңтарда Қарасай ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем бригадасынан 2009 жылы туған Ж. атты кәмелетке толмаған баланың өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Сондай-ақ 6 қаңтарда Е. атты жасөспірім үйінде асылып қалған. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.