Алматы облысында 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы Әркен Қарасай өзіне-өзі қол салған. Марқұм туған ағасына ақтық демі шығар алдында соңғы хатын жолдап үлгеріпті, - деп хабарлайды «Информбюро» жаңалықтар қызметі. Жаңалықтар қызметінің мәліметінше, хатта мұндай ауыр қадамға баруына нақты кімдердің себеп болғанын ашық жазған. Яғни түрме қызметкерлері сотталғандарды ұрып-соғып, балағаттап, өздеріне жұмыс істеуге мәжбүрлейді