Алматы облысында тойға жинғалан жастар автомат пен тапаншадан аспанға оқ атқан, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі. Бұл оқиғаны басқа қонақтар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Алматы облысының Полиция департаменті қазір оқ атқандардың жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.