Алматы облысында сирек кездесетін жануарларды заңсыз ұстаған азамат анықталды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 4 мамыр жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты әшкереледі. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында