Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемір-Бәйдібек би тас жолында 30 жастағы әйел басқарған көлік ағашқа соғылып, екі бөлікке бөлініп кетті деп хабарлады turkystan.kz. Жол апатынан 2 бала қаза тапты. Ал «Mitsubishi Space Wagon» көлігін басқарған жүргізуші мен 3 жасар бала ауруханаға жатқызылды. Аталған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Посмотреть эту публикацию …