Алматы облысы әкімінің аппараты Қонаев қаласындағы бұрынғы казино ғимаратына көшті. Алматы облысының әкімі Индустриальная көшесі, 16/4 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратты жалға алады. Жалпы ауданы 11 891,8 шаршы метр. Бұрын бұл ғимаратта Royal Plaza казиносы орналасқан екен. Әкімдік өкілдері ғимараттың ұзақ уақыт бос тұрғанын қосып өтті. Сонымен қатар жалға алу және сатып алу құны нарықтағы бағадан төмен.