Алматыда Бостандық ауданынындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, дер кезінде сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Тілсіз жау шарпыған аумақ 150 шаршы метр алаңға жайылып, тұрғын үй от құшағында қалған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт толығымен жойылды.