27 қаңтар күні Алматы уақытымен сағат 15:03-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелген. Мамандар мұның афтершок екенін мәлімдеді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.