Алматыдағы Экспериментальная көшесінің солтүстігінде орналасқан төрт қабатты ғимарат –бизнес орталығы жоба сараптамасынсыз салынып, бекітілген бас жоспардан ауытқып кеткен. Оны бұзу туралы талап арыз Бостандық аудандық сотына 2020 жылдың наурыз айында жіберіліпті. Бірақ апелляциялық шағымдар мен істің жаңа жағдайларына байланысты сот талқылауы 3 жылдан аса уақытқа созылған. 2021 жылдың мамырында меншік иесінің жер учаскесін сатқаны анықталды.