Алматыда 51 жастағы әйел егіз бала - ұл мен қыз тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қуанышты жағдай Алматы қалалық №2 перинаталдық орталықта болды. Орталық директорының орынбасары Қымбат Әбдірайымованың айтуынша, жасанды ұрықтандыру (ЭКҰ) әйелге кеш және өте қажет жүктілікті жүзеге асыруға көмектесті. Әйел жоспарлы түрде №2 қалалық перинаталдық орталыққа түсті, тиісті дайындық шаралары өткізілгеннен кейін кесарь