Алматыда жеті жастағы қызды жүк көлігі басып кетіп, қайтыс болды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін Алатау ауданында сағат 12:18 шамасында орын алған. Жүк көлігі Бурундайская көшесімен батыс бағытта жүріп, Новая көшесінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан 7 жастағы қызды басып кеткен. «Өкінішке орай, бала оқиға орнында қайтыс болды. Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жүргізілуде», — деп хабарлады департаменттен.The post Алматыда 7 жастағы қызды жүк көлігі қағып кетті appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.
Жаңалықтар





































