Алматының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салуға шектеулер қойылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін аудан тұрғындарымен кездескен қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қала әкімі атап өткендей, Бостандық ауданының негізгі проблемасы жаппай және нүктелі құрылыс болып отыр. Соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрылысының қарқыны әлеуметтік нысандар құрылысынан әлдеқайда асып түсті. …