Алматы әкімі Ерболат Досаев автобус жолағын Абай даңғылының соңына дейін ұзартуды ұсынды. Абай даңғылы бойында арнайы жолақ тек Момышұлы көшесіне дейін. Сосын жаңа учаске, қоғамдық көліктер үшін жолақ жоқ, деді көлік басқармасының басшысы. Әкім басқарма жоспарын сұрады. Басқарма басшысы алдағы уақытта қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту мақсатында арнайы жолақ бөлуге болатынын айтты. Осыны қарастырып, ұсынысқа енгізіңіз.