Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталды. Олар серіктестік басшысынан ақша бопсалады деген күдікке ілініп отыр. Аталған оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Жағымсыз ақпараттардың жарияланбауы үшін ЖШС басшылығынан ақша бопсалаған С. тегіндегі ерлі-зайыпты ұсталды. Қазіргі таңда аталған деректің толық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады, делінген хабарламада.