Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен төрт жасар қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. 2 қаңтар сағат кешкі сегіз шамасында 1984 жылы туған әйел Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жолға шығады. Олар Алматы-Бішкек тас жолында өтіп бара жатқан көлікті тоқтатқан.