Алматыда полиция қызметкері табель тапаншасымен әріптесіне оқ атты. Ауыр жарақат алған 28 жастағы сержант оқиға орнында жан тапсырды. Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшысы қызметтесін абайсызда өлтіріп алған. Қос сержант полиция ғимаратының бақылау-өткізу бекетінде жұмыс істеген. Куәгердің айтуынша, тәртіп сақшылары арасында кикілжің болмаған. Таңғы сағат жеті шамасында екеуі ас ішетін бөлмеде әңгімелесіп отырыпты. Сол уақытта біреуі қызмет