Алматыдағы әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы «Сансет» мейрамханасында түнгі сағат 00:30 шамасында атыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Куәгерлердің айтуынша, бетперде киген 4 адам келіп, Макаров тапаншасынан оқ жаудырған. Біреуі асқазанынан, екіншісі аяғынан жараланған.