Алматыда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде жолаушылар тасымалдаған. Бұл туралы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Бұл - 118-ші бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі. Оны Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында әкімшілік тәжірибе бөлімшесі қызметкерлері тоқтатты. Жүргізушінің әрекеті күдік туғызды. Оны медицина тексеруінен өткізу үшін ертіп әкетті. Сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады.