Фото: polisia.kz Алматының Алмалы ауданында болған жол-көлік оқиғасынан кейін автобус жүргізушісі уақытша қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Оқиға Төле би даңғылы мен Исаев көшесінің қиылысында тіркелген. Батыс бағытта келе жатқан қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 18 жастағы қызды қағып кеткен. Зардап шеккен бойжеткен дереу ауруханаға жеткізілді. Алматы қаласы...