Алматыда тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын арттыру үшін оқу жылы басталғанға дейін маршрутқа 100 жаңа автобус шығады. Қазіргі уақытта қалалық автопарк 30 автобуспен толықты, қалған 70-і жақын арада келеді. Бұл автобустар есебінен жылжымалы құрам №37, 38, 38а және 201 маршруттарда жаңартылады. Әрі №24, 125, 131 маршруттарға автобустар қосылады, яғни қолданыстағы маршруттар жаңа автобустармен толығады.