Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Жалпықалалық жәрмеңкені Халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады. Мақсаты - жұмыс іздеушілер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілер үшін жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. Жәрмеңкеге өнеркәсіп, өндіріс, сауда желілері, тамақтану, медицина, фармацевтика, білім беру салаларынан жұмыс