Әлеуметтік желіде Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында болған жол апатының кадрлары пайда болды. Екі автобус соқтығысып, жолаушылар зардап шеккен. Бір адам қаза тапқан. Полицейлер соқтығысқан автобустың доңғалағының астынан 40 жастағы ер адамды шығарды. Алматы полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматыда екі автобус соқтығысты: бір адам қаза тапты, 15-і жарақаттанды
Жаңалықтар






































