Алматы қаласында екі жолаушылар автобусы мен жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат Медеу ауданында болған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, алдағы қоғамдық көлікке соғылған. Соққының әсерінен екінші автобус өз кезегінде алдында келе жатқан жүк көлігіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Жаңалықтар