Алматыда қоғамдық көлік жүйесін дамыту және экологиялық жағдайды жақсарту аясында қалалық автобустарды жаңарту жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Жеке автопарктердің бірі 18 қаңтарда маршрутқа шығатын электр автобустарының партиясын сатып алғаны белгілі болды.