Алматыда танысының көлігін ұрлап кеткен күдікті полицейлердің қызметтік көлігінде өз-өзіне қол салды. Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Жетісу ауданында болған. Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат өзінің танысының «Тойота» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталуда, деді баспасөз қызметіндегілер.