Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Алматыда фитнес-жаттықтырушының денесі өз үйінен табылды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 19 шілдеге қараған түні Fitness Blitz клубының фитнес жаттықтырушысы Дамир Төребаевты өз пәтерінде атып кеткен. Белгілі болғандай, қылмыс болған кезде ер адам мас болған. Аталған оқиғаға қатысты пікір білдірген қалалық полиция департаменті қазіргі кезде тергеу жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар







































