Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Ұрылар жанармай бекетіне түнгі екіде шабуыл жасаған. Бетперде киген екі адам қолдарында шеге суырғыш және балтамен жанар-жағармай құю бекетіне кіріп, кассир мен күзетшіні артқы бөлмеге қамап, қызметкерлердің телефондары мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Шабуылдаушылардың барлық әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Күдіктілер сол күні