Күні кеше ғана есіктен енген Қасиетті айда Алматыда дін мен дәстүрдің сабақтастығын дәлеледейтін ерекше шара өтпек. Алматы Орталық мешіті Рамазан айының құрметіне «Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқау өткізуді қолға алды. Бұл туралы Алматының Орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. «Жарапазан-Party» байқауы жалпыхалықтық бұқаралық шара болып саналады. Шараға барлық алматылықтар қатыса алады. Ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайта жаңғырту.